Ұлттық қордағы қаржы 1 айда 70 миллион долларға азайған

879

Қазіргі таңда Ұлттық қорда 57,6 млрд доллар бар. 

Ұлттық қордағы қаржы 1 айда 70 миллион долларға азайған

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұлттық қордағы қаржы 1 айда 70 млн долларға азайғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2021 жылдың ақпанында Ұлттық қордағы активтер азайған.

"Ұлттық қор активтері 1 айдың ішінде 70 млн долларға төмендеп, 
биыл ақпанның соңында ол 57,6 млрд доллар болды", деді Ұлттық банк төрағасы.

Ерболат Досаев осы жылдың ақпанында 375 млрд теңгеге немесе 900 млн долларға нысаналы және кепілдендірілген трансферттерді бөлу үшін 443 млн доллар сатылғанын атап өтті.

"Ұлттық қорға түсімдер 164 млрд теңге, оның ішінде валюталық түсімдер 255 млн доллар немесе 106 млрд теңге болды. Ұлттық қорға 1 айда 116 млн доллар инвестициялық кіріс кірді",– деп түйіндеді сөзін төраға.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу