Ұлттық қордан 4 трлн 770 млрд теңге алынады

530

Кепілдендірілген трансферт туралы заңға өзгеріс енгізілді. 

Ұлттық қордан 4 трлн 770 млрд теңге алынады

Сенатта "ҚР Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР заңына өзгеріс енгізу туралы" заң қабылданды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов: "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі жарлығымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 4 трлн 770 млрд теңге көлемінде  айқындалды. Заң жобасында 2020 жыл бойынша осы қаржыны қолданыстағы кепілдендірілген трансферт туралы заңда белгілеу көзделген", – деді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу