Ұлттық қордан 721 млн доллар сатылды

Сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 23%-ын құрады.  

Ұлттық қордан 721 млн доллар сатылды Фото: 7kun.kz

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату наурызда 721 млн АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 23%-ын және күніне 40 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді көрсетті.

"Ұлттық Банк Ұлттық қордағы қаражатпен операция жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы әрі біркелкі сатуды білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін мейілінше азайтуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады бас банк.

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында наурызда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алды.

Оның жалпы сомасы 232 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 7%-ын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу