Ұлттық қордан 850 млрд теңге алынады

737

2021 жылғы Ұлттық қордағы кепілдендірілген трансферт көлемі – 2,7 трлн теңге. 

Ұлттық қордан 850 млрд теңге алынады

Биыл "Nur Otan" партиясының сайлауалды тұғырнамасындағы міндеттемелерді және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қосымша 850 млрд теңге алынады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смаилов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Биыл бюджетті нақтылау шеңберінде Ұлттық қордан 850 млрд теңге трансферт тартып, бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге 3,5%-ға дейін ұлғайтамыз. Бұл "Nur Otan" партиясының сайлауалды тұғырнамасы аясындағы міндеттемелерді және Мемлекет басшысының тапсырмаларын қаржыландыру үшін керек", - деді Әлихан Смаилов сенаттың жалпы отырысында. 

Оның айтуынша, алдағы уақытта Ұлттық қордан түсетін трансферт көлемі 2 есе қысқарады: 4,5 трлн теңгеден 2,4 трлн (2025 жылы) теңгеге дейін.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық қордан алынатын нысаналы трансферт биыл 1 трлн теңгеден 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайтылған еді.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу