Ұлттық қордан ақшаны азырақ аламыз – Әлихан Смайылов

732

Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін трансферттер едәуір төмендейтін болады. 2023 жылы 1,4 трлн теңгеге, 2024 жылы 800 млрд және 2025 жылы 500 млрд теңгеге азаяды деп болжанады. 

Ұлттық қордан ақшаны азырақ аламыз – Әлихан Смайылов

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Кепілдендірілген трансферт Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлемінен аспайтын болады. Ал бюджет шығыстарының өсуі инфляция межесін ескергенде, ұзақ мерзімді экономикалық өсудің орташа деңгейінен аспайды. Жалпы алғанда, бюджет жобасы теңгерімді", – дейді ол.

Оның айтуынаша, бюджет әлеуметтік сипатқа ие жоспарланған. 

Әлеуметтік салаға 2023 жылы 8 трлн теңге көзделген. Экономиканың нақты секторында  өңдеу өнеркәсібін дамыту, бизнесті қолдау, көлік инфрақұрылымын дамыту және газдандыру басым бағыттар болып табылады. Жалпы 2023 жылы бұл бағыттың шығыстары 2 трлн теңге көлемінде болады.

"Біздің міндетіміз – бюджет қаражатын тиімді  пайдалану", – деді Смайылов. 

Отырыста баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Ұлттық қордан 2023 жылы 1 трлн теңге және 2024 жылы 400 млрдтеңгекөлемінде нысаналы трансферт тарту жоспарланды.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу