Қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық қордан алынған 2 трлн теңге өңірлердегі маңызды жобаларды іске асыруға жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Республикалық бюджетке трансферттер түсімдері 4,5 трлн теңгені, оның ішінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 2 трлн теңгені құрады. Нысаналы трансферт 2 трлн теңге сомасында тартылды", - деді Мәди Такиев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында.
Журналистер министрден нысаналы трансферттерге тартылған 2 трлн теңге қаражат Ұлттық қордан алынған ақша ма деп нақтылады.
"Бұл қосымша Ұлттық қордан алынған ақша. Үкімет отырысында бүгінгі таңда бюджеттің тапшылығы бар екенін айтып кеттім. Сондықтан біз Ұлттық қордан алуға мәжбүр болдық. Біріншіден, ол қаражат өңірлерге нысаналы транферт ретінде кетеді. Әлеуметтік маңызы бар жобалар бар. Соған жұмсалатын қаражат", - деді Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.