Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың бір бөлігі мақсатсыз жұмсалғаны анықталды

543

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың айтуынша, Ұлттық қордың тұжырымдамасында жоқ бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың бір бөлігі мақсатсыз жұмсалғаны анықталды

Бұл туралы ол Президенттің қабылдауынан кейін берген сұхбатында мәлім етті.

"Мен бүгін Мемлекет басшысына Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттерге жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы туралы баяндадым. Бұл ауқымды жұмыстың қорытындысы бойынша шамамен 9 млрд теңгенің қаржылық заң бұзу фактісі анықталды. 290 млрд теңгеден астам қаражаттың 20 жоба бойынша 20 нысанға Ұлттық қордың тұжырымдамасында қарастырылмаған бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Заң бұзу фактілері негізінен атқарылмаған жұмыстар мен орындалмаған қызметтерге ақы төлеумен байланысты", – дейді комитет басшысы БОРТ №1 телеграм каналында жарияланған видеода.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Есеп комитетін Жоғары аудит палатасына айналдыру мәселесіне қатысты қосымша тапсырма бергенін мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу