Ұлттық қордан бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 461 млн АҚШ долларына валюта сатылды

Бұл жалпы сауда-саттық көлемінің 16%-ына тең. 

Ұлттық қордан бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 461 млн АҚШ долларына валюта сатылды Фото: liter.kz

Бір күнде сауда 31 млн АҚШ долларынан аспады,  деп жазады inbusiness.kz.

"Желтоқсанда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 461 млн АҚШ долларына валюта сатылды.

Ұлттық қордан сату көлемі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 16% болды.

Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық Банк нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын тұрақты әрі біркелкі сату дегенді білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін мейілінше азайтуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады ҰБ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу