Ұлттық қордан бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 800 млн доллар сатылды

Күндік сауда көлемі 40 млн доллардан аспады. 

Ұлттық қордан бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 800 млн доллар сатылды Фото: baq.kz

Бұл туралы Ұлттық Банктің валюта нарығы бойынша ақпараттық хабарламасында жазылған. 

"Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату мамырда 800 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 28%-ын және күніне 40 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтараптық қағидатын ұстанады", – деп хабарлады бас банк. 

Бұл шетел валютасын біркелкі сатуды білдіреді. Осы тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу