Ұлттық қордан мақсатсыз трансферт алу тыйылады

743

2021 жылғы бюджет шығынынан 1,6 трлн теңге қысқартылады. 

Ұлттық қордан мақсатсыз трансферт алу тыйылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы бюджет кірісінің шығыны 1,7 трлн теңгеге бағаланып отырғанын жариялады. 

"Карантин мен мұнай бағасының төмендеуі бюджет кірістерінің күрт қысқаруына алып келді. 2020 жылғы бюджет кірісінің шығыны 1,7 трлн теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі уақытта бюджет тұрақтылығы Ұлттық қордан трансферттер есебінен қамтамасыз етіліп отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, биыл Ұлттық қордан алынатын кепілдендірілген трансферт көлемі 4,7 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. 

"2021 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын трансферттер тек қана мақсатты сипатта болуға тиіс. Ол әлеуметтік проблемаларды шешу мен инфрақұрылымды дамытуға ғана бағытталуы мүмкін", – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиімсіз шығындарды қысқарту қажет. 

"2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмысы басталды. Осы мақсатта 1,6 трлн теңгені қысқарту жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл нашар көрсеткіш емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу