Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 473 млрд теңге аударылды

Қордағы валюталық активтердің көлемі 1,05 млрд АҚШ долларына ұлғайды. 

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 473 млрд теңге аударылды Фото: Kursiv.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлім етті.

"Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 1,05 млрд АҚШ долларына ұлғайып, наурыз айының соңында 58,4 млрд АҚШ долларын құрады. Нарыққа қатысушылар АҚШ өңірлік банктері мен швейцариялық Credit Suisse банкінің проблемаларын ұдайы назарда ұстап отырды. Silicon Valley Bank пен Signature Bank банкроттығынан кейін нарықта құбылмалылық артып, Credit Suisse-дегі проблемалар АҚШ пен Еуропа реттеушілері тарапынан банк секторының уақтылы қолдауымен теңестірілді", – деді спикер.

Тәуекел дәрежесінің өсуі акциялар мен облигацияларды қайта оң бағалауға әсер етті. Нәтижесінде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі наурызда 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.

"Сонымен бірге, Ұлттық қорға түскен валюталық түсімдер активтердің өсуіне ықпал етті. Олардың мөлшері наурызда шамамен 300 млн АҚШ долларын құрады. Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 473 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 721 млн АҚШ долларына активтер сатылды", – деді Әлия Молдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу