Ұлттық қордың 530 миллион доллар қаржысы әлі де бұғаттауда

718

Қордың Bank of New-York Mellon Лондон филиалында жатқан 530 млн доллары 2020 жылы ғана бұғаттаудан шығарылуы мүмкін.

Ұлттық қордың 530 миллион доллар қаржысы әлі де бұғаттауда

Швециядағы Накка аудандық соты Қазақстан мен Ұлттық банктің шағымын қабылдамады, деп хабарлайды Atameken Business.

Еске салсақ, Қазақстан тарапы кәсіпкер Статидің ісіне қатысты 5 шілде күні шыққан  сот үкіміне шағым түсірген болатын. Әділет министрлігінің ақпаратына сенсек, 2017 жылы кәсіпкерлер Стати Швецияның құқық қорғау органдарынан Қазақстанға тиесілі активтерді бұғаттауын талап еткен. Ал Қазақстан мен Ұлттық банк бұл активтердің мемлекеттік мүлік ретінде қорғалғанын алға тартқан. Әділет министрлігінің дерегінше, аппеляциялық процедура аяқталмайынша, швед сотының шешімі екі жылдың ішінде күшіне енбейді.

Ұлттық қордың Bank of New-York Mellon Лондон филиалында жатқан 530 млн доллары 2020 жылы ғана бұғаттаудан шығарылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу