Ұлттық қордың активі азайып келеді

1189

Бұл тенденция 2015 жылы басталған болатын.

Ұлттық қордың активі азайып келеді

Қазақстанның халықаралық қорлары азайып келеді, деп хабарлайды abctv.kz.

Finprom.kz-тің есебінше, еліміздің халықаралық қорлары өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға қысқарған. 2018 жылдың шілде айының соңында қорлардың көлемі 30,9 млрд АҚШ долларына тең болды. Ал былтырғы көрсеткіш – 32,9 млрд доллар.

Қорлардың азаюына активтердің еркін айналымдағы валюта құнының 15,9%-ға, яғни 21,5 млрд доллардан 18,1 млрд долларға төмендеуі әсер еткен.

Дегенмен, алтын қорларының құны 11,9%-ға көбейіп, 12,8 млрд долларды құрады. Бір жыл бұрын көрсеткіш 11,4 млрд доллар еді.

Шілде айының соңында таза алтын-валюта резервтері 30,4 млрд долларды құрады. Бұл – жалпы халықаралық резервтердің 98,4%-ы.

Ұлттық қордың активтері де азайып келеді. Жалпы, бұл тенденция 2015 жылы басталған болатын. 2018 жылдың шілде айында Ұлттық қордың активтері 56,8 млрд долларға тең болды.

Бір жыл ішінде Ұлттық қордың шетел валютасындағы қаржысы 2,8%-ға немесе 1,6 млрд долларға қысқарды.

Осылайша, Қазақстанның Ұлттық қордың активтерін қоса есепгендегі халықаралық резервтерінің жалпы көлемі 87,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4%-ға кем. Өткен жылы көрсеткіш 91,3 млрд АҚШ долларына тең болды.

Алтын-валюта резервтері Ұлттық қордың активтерін қоса есептегенде соңғы 5 жылда 2,4%-ға (2,1 млрд АҚШ долларына) қысқарды.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу