Жалпы халықаралық резервтер ақпан айының соңында 91,9 млрд долларды құрады, деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында.
"Ақпан айының қорытындысы бойынша, алтын-валюта резервтері алтын бағасының арзандауына байланысты 34,6 млрд долларға дейін 2,2 млрд долларға азайды. Ұлттық қордың активтері ақпан айында негізгі әлемдік индекстердің төмендеуіне байланысты 57,4 млрд долларға дейін 0,5%-ға немесе 271 млн долларға азайды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке 273 млрд теңгеге трансферт бөлу үшін ақпанда 590 млн долларға Ұлттық қордың валюталық активтері сатылды", – деп атап өтті бас банк төрағасы.