Ұлттық қордың активтері бір айда 450 млн долларға төмендеді

796

Шілденің соңындағы көрстекіш бойынша ұлттық қор 56,9 млрд долларын құрап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ұлттық қордың активтері бір айда 450 млн долларға төмендеді

"Биылғы жылғы шілдеде 477 млрд теңгеге трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 1,11 млрд АҚШ долларына валюталық активтер сатылды. Биыл шілдеде Ұлттық қорға келіп түскен түсімдер 40 млрд теңге, оның ішінде шетел валютасында 65 млн АҚШ доллары  болды", - деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша биыл шілдеде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң қалыптасып, 590 млн АҚШ долларын құраған.

"Қаржы нарықтарындағы құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі республикалық бюджетке трансферттердің үштен бірін өтеп, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 1,3 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда осы жылдың басынан бері 2 млрд АҚШ доллары немесе 3,5% болды", - дейді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу