Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 871 млн долларды құрады

666

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық қордың активіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 871 млн долларды құрады

Ерболат Досаев қазан айының соңында Ұлттық қордың активі 55,1 млрд долларды құрағанын айтты. 

"Қазанда Ұлттық қорға түсім 103 млрд теңге, оның ішінде шетел валютасында 163 млн доллар болды. Бұл айда Ұлттық қордың инвестициялық кірісі нарықты түзетуден кейін қалпына келіп, акциялар мен алтынның өсуі есебінен 871 млн долларды құрады. Инвестициялық кіріс Ұлттық қор активтерінің теңгерімді аллокациясы есебінен жыл басынан бері қалпына келді және 2 млрд доллар немесе 3,44% болды", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның сөзінше, алтын валюта резерві қазан айының соңында 35,8 млрд долларды құрап, бір айда 307 млн долларға артты. 

"Алтын портфелі алтын бағасының бір унциясы үшін 1 796 долларға дейін немесе 3,8%-ға өсуі есебінен 1,2 млрд долларға көбейді. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер негізінен екінші деңгейлі банктердің корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі есебінен 854 млн долларына азайды. Жалпы халықаралық резервтердің барлығы бір айда 354 млн долларға ұлғайып, 90,9 млрд долларды құрады", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу