Ұлттық қордың инвестициялық кірісі азайды

627

Жағымсыз жаңалықты Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі азайды

Бас банкир үкімет отырысында Ұлттық қордың активі 1,9 млрд долларға кемігенін мәлімдеді. 

"Ұлттық қордың активі бір айда 1,9 млрд долларға төмендеп, қыркүйектің соңында 55 млрд долларды құрады. Қыркүйекте 392 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферт бөлуді қамтамасыз ету үшін 913 млн доллар сатылды. Қыркүйекте Ұлттық қорға 135 млрд теңге түсім түсті. Оның ішінде шетел валютасында 259 млн доллар немесе 110 млрд теңге болды", – деді Ерболат Досаев. 

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі де азайған екен. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы: "Қыркүйекте Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс қалыптасып, активтер түзетуге байланысты 1,2 млрд долларға немесе 2,11%-ға кеміді. Активтердің барлық сыныптары бойынша бағалардың бір мезгілде төмендеуі қысқа мерзімді сипатқа ие. 11 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық қордың инвестициялық кірісі ішінара қалпына келді және айдың басынан бастап 250 млн АҚШ долларын құрады. Ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қордың стратегиялық аллокациясы тәуекелдерді теңгереді", – деді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу