Ұлттық қордың қаражаты азайды

630

Ұлттық қордың қаражаты азайды

Республикалық бюджет кірістерінің ұлттық қордан берілетін трансферттерге тәуелділігі сақталып отыр. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы Ұлттық қор қаражаты 7,3 пайызға азайған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Біздің бағалауымызша, үкімет республикалық бюджеттің нақтыланған жоспарын атқарған. Сонымен қатар, кемшіліктер мен шешілмеген проблемалар да бар. Біріншіден, бюджет кірістерін атқарудағы проблемалар мен кемшіліктерді атап өту керек. Салықтар бойынша түсімдердің асыра орындалуына макроэкономикалық жағдайлардың жақсаруы мен алдағы кезеңдердің төлемдеріне аванс беру әсер етті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда есепті жылдың соңына корпоративтік табыс салығы бойынша 166 млрд теңгені көрсетіп отыр", — деді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, республикалық бюджет кірістерінің ұлттық қордан берілетін трансферттерге тәуелділігі сақталып отыр. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы Ұлттық қордың қаражаты 7,3 пайызға төмендеген. 

"Соның ішінде түсімдердің сегіз есе қысқаруы есебінен болды. Мұндай жағдай Ұлттық қордың жинақтау және тұрақтандыру функцияларын қауіпсіз жүзеге асыру тәуекелдерін ұлғайтады. Салықтар мен төлемдер бойынша берешек өсуде. Берешектерді төмендету бойынша қолданылған шаралардың нәтижесі қысқа мерзімді болды. Біздің ойымызша, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту үшін едәуір резервтер бар", — деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу