Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу саясаты жалғасады

589

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс отырысында айтты.

Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу саясаты жалғасады Фото: almaty.tv

Ведомство басшысы Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу саясатын жалғастыру мақсатында республикалық бюджетке берілетін трансферттер қаражатын біртіндеп азайту көзделгенін жеткізді. 

"Бұл Мемлекет басшысының Ұлттық қордың қаражатын 2030 жылға қарай 100 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді", - деді ол.

Бұдан бөлек министр мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың орнына 10 ұлттық жоба іске асырылып жатқанын да атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу