Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды – Е.Қарин

398

2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балаларға үлестіріледі.

Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды – Е.Қарин Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы бойынша жаңа заң жобасы әзірленіп, Мәжілістің қарауына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Еске салсақ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балаларға үлестіріледі.

Төменгі палатаның "Қаржы және бюджет комитеті жаңа заң жобасын қарап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді аталған комитеттің төрағасы Мәди Такиев. Бұл жаңалыққа қатысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин да пікір білдірді.  

"Бұл  Президент жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар бағдарламасының негізгі бастамаларының бірі. Аталған бастама туралы Президент былтырғы жылдың 1 қыркүйек күні жариялаған Жолдауында айтқан болатын. Мемлекет басшысының "Ұлттық қор  балаларға" жобасы жас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді. Осылайша, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды", - деді ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу