"Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды" – Қарин

394

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжіліс қарауына түскен "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысты пікір білдірді.  

"Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды" – Қарин Фото: Akorda.kz

Бүгін Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасын қарауға кірісті.
Аталған заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асатын Мемлекет басшысының "Ұлттық қор – балаларға" атты бағдарламасы бойынша әзірленіп жатыр.
Бұл – Президент жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар бағдарламасының негізгі бастамаларының бірі. 

Аталған бастама туралы Президент былтырғы жылдың 1 қыркүйек күні жариялаған Жолдауында айтқан болатын.

Оның айтуынша Мемлекет басшысының "Ұлттық қор – балаларға" жобасы жас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді.

Осылайша, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды, - деді Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу