Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферті 4 трлн 770 млрд теңгеге ұлғайтылуы мүмкін

765

Бюджет тапшылығы қосымша 841 млрд теңгемен қайта жоспарланады.

Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферті 4 трлн 770 млрд теңгеге ұлғайтылуы мүмкін

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 
бюджет тапшылығы бойынша мәлімдеме жасады.  

"Бюджет кірістерінің тапшылығын жабу және дағдарысқа қарсы шаралар кешенін қаржыландыру үшін 2020 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 2 трлн 70 млрд теңгеге, яғни 4 трлн 770 млрд теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады. Сіздердің қарауларыңызға республикалық бюджетті нақтылаудың ерекше тәртібі аясында 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңға өзгеріс енгізу бойынша Президент жарлығының жобасы енгізілді. Жалпы, республикалық бюджеттің шығыстарын бекітілген көлемге қарағанда 1,4 трлн теңгеге ұлғайтып, 14,3 трлн теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,5% деңгейінде 841 млрд теңгеге ұлғайтылып, қайта жоспарланады", – деді Руслан Дәленов. 

Министрдің мәлімдеуінше, мұнайға қатысты емес тапшылық деңгейі жалпы ішкі өнімнің 10,8%-ын құрайды. 

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде, 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы аясында 2020 жылға арналған макрокөрсеткіштер болжамын нақтылауды және кепілдендірілген трансфертті түзету бойынша Мемлекет басшысы жарлығының жобасын қолдауларыңызды сұраймын", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу