Ұлттық қордың көлемі артып келеді

Бұған бюджетке аударылатын трансферттердің азаюы себеп. 

Ұлттық қордың көлемі артып келеді Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 160,8 млрд теңгеге немесе 4,1%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. 

Бұл негізінен мұнай секторындағы ұйымдардан түсетін салық түсімдерінің ұлғаюы, сондай-ақ республикалық бюджетке түсетін трансферттердің азаюы есебінен болды.

Мәселен, салық түсімдерінің көлемі 1 197,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 147,3 млрд теңгеге немесе 14%-ға артық.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылатын трансферттердің азайғаны байқалады. Осылайша, 2023 жылдың алғашқы екі айында кепілдендірілген трансферт көлемі 621 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 364 млрд теңгеге немесе 37%-ға аз.

Дегенмен, нысаналы трансферт 7 есеге өсіп, 360,6 млрд теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу