Ұлттық қордың түсімі 1 триллион теңгеден асты

820

Ұлттық қордың түсімі 1 триллион теңгеден асты

Ұлттық кордың түсімі 1 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73 пайызға жоғары.

Қаражаттың көпшілігі мұнайлы аймақтан түскен. Мысалы, Атыраудан 744 млрд теңге келсе, Маңғыстау облысы 127 млрд теңге құйған. Ақтөбе облысының үлесінде 73 млрд теңге болса, Батыс Қазақстан облысынан 90 млрд теңгеге жуық қаражат түскен. Осы ретте, пайдалы қазбаны өндіруге салынған салық көлемі 475 млрд теңгені құрайды. Мұнай секторындағы табыс салығы 335 млрд теңгенің төңірегінде болып отыр. Экспортталатын мұнайдан 102 млрд теңге салық түскен. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ұлттық қордың инвестициялық шығын 780 млрд теңгеден асқан болатын. Сарапшылар мұны валюта активтері бағасының өзгеруімен байланыстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу