"Алдын ала деректер бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері қазанда 1 млрд долларға төмендеп, қазанның соңында 56,34 млрд долларды құрады. Пандемияның екінші толқыны тәуекелдерінің іске асырылуы нарықты қайтадан төмендеу жағына өзгертті. Мәселен, MSCI жаһандық акциялар индексі қазанда 3%-ға төмендеді. Нәтижесінде биылғы жылдың 10 айында жаһандық акциялардың кірістілігі – 1%-ды құрады", – деді ол.
Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ұлттық қордың инвестициялық кірісі туралы сөз қозғады. Оның сөзінше, өткен айда көрсеткіштер төмендегенімен, жылдың соңында нәтижелер жоғары болуы шарт.
"Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қазанда теріс қалыптасып, (–) 470 млн доллар болды, оның ішінде акциялар портфелінің құлдырауы 390 млн долларға жуықтады. Соңғы айлардағы теріс серпінге қарамастан Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің жыл басынан бастап оң болып қалатынын және 950 млн доллар шамасында екенін атап көрсеткен жөн. Бюджетке кепілді трансферттерді бөлу түрінде қордан алу қазанда 230 млрд теңге болды. Осыған байланысты Ұлттық банк Ұлттық қордың валюталық активтерін шамамен 534 млн доллар сомасына сатты", – деді ол.