Ұлттық қордың валюталық активтері 55,7 млрд долларды құрады

Республикалық бюджетке трансферттер түрінде 153 млрд теңге аударылды.  

Ұлттық қордың валюталық активтері 55,7 млрд долларды құрады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова тілшілерге берген кезекті сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі өткен айда 3,27 млрд АҚШ долларына ұлғайып, қараша айының соңында 55,7 млрд АҚШ долларын құрады.

"Ұлттық қордың активтері өсуінің негізгі себебі биылғы жылдың тамыз және қыркүйек айларында елеулі құлдыраудан кейін қараша айында акциялардың әлемдік нарықтарда қалпына келуі жалғаса бастады. Бұған дейін айтылғандай, инвесторлар үшін негізгі жағымды триггер АҚШ ФРЖ риторикасының салыстырмалы түрде жеңілдеуі және мөлшерлемелердің өсу қарқынының баяулауын күтуі болды", – деді бас банк төрағасының орынбасары.

Қаржы нарықтарындағы құбылмалылыққа байланысты Ұлттық қор активтерінің құны жылдан жылға ауытқуы және жекелеген кезеңдерде теріс болуы мүмкін.

"Бірақ Ұлттық қордың ұзақ мерзімді мақсаттарын ескере отырып, оның активтерін басқару инвестициялаудың ұзақ мерзімді келешегі бар, яғни кірістілікті арттыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу жеке алынған жылы емес, бірнеше жыл кезеңінде қол жеткізіледі, бұл қабылданатын тәуекел мен кірістілік арасындағы неғұрлым тиімді комбинациямен инвестициялық стратегияны іске асыруға мүмкіндік береді. Мұнай бағасының жоғары әрі тоқсандық салық аптасының болуына байланысты Ұлттық қорға түсетін түсімдердің едәуір көлемі активтердің өсуіне ықпал еткен қосымша фактор болып табылады", – деді спикер.

Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 153 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында бұрын атап өтілгендей активтер 70 млн АҚШ доллары сомасына сатылды. Бірақ қаражаттың негізгі бөлігі қорға теңгелік түсімдер есебінен бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу