Ұлттық қорға 1 млрд доллар кіріс кірді

1148

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық қордың активіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық қорға 1 млрд доллар кіріс кірді Фото: Серікжан Қобыланбаев

"Ұлттық қордың активі қарашаның соңында 54,9 млрд долларды құрады. Қараша айында 310 млрд теңгеге нысаналы және кепілді трансфертті бөлуді қамтамасыз ету үшін 617 млн доллар сатылды. Ал Ұлттық қорға 657 млрд теңге, оның ішінде шетел валютасында 1 млрд АҚШ доллары көлемінде түсім түсті", – деді Ерболат Досаев. 

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қарашада теріс қалыптасып, дамыған елдердің акциялар және облигациялар портфелінің төмендеуі есебінен 541 млн долларды құрады. 

"Коронавирустың жаңа штамына байланысты нарықтың жоғары құбылмалылығына қарамастан, инвестициялық кіріс жыл басынан бастап оң қалыптасып, 1,4 млрд доллар немесе 2,52% болды", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу