Ұлттық қорға 4,5 трлн теңге түсті

833

Квазимемлекеттік субъектілердің пайдаланбаған қаражатты бюджетке қайтарылып жатыр. 

Ұлттық қорға 4,5 трлн теңге түсті

Сенатта қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева 1 маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджетке 8,6 млрд теңге қайтарылғанын мәлімдеді. 
Вице-министрдің сөзінше, ұлттық қорға түскен 4,5 трлн теңгенің жартысы мұнай секторынан жолданған. 

"Ұлттық қорға жалпы 4,5 трлн теңге түсті. 2019 жылдың аяғына қарай қордың активтері 27,5 трлн теңгені құрады. Бюджеттің басымдыққа ие бағыттарын ұлттық қордың трансферттері есебінен қаржыландыру қалыпты жағдайға айналып кетті. Осыған байланысты қордың жинақтық қызметін заңнамалық тұрғыда күшейту көзделіп отыр", – деді Татьяна Савельева.

Оның айтуынша, бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту үшін квазимемлекеттік субъектілердің есебіндегі пайдаланылмай қалған қаражатты бюджетке қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр. 

"1 маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджетке 8,6 млрд теңге қайтарылды", – деді Татьяна Савельева.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу