Ұлттық қорға 9 айда 2,1 трлн теңге түсті

955

Салықтың ең көп көлемі Атырау облысынан аударылған. Оның көлемі 921 млрд 4 млн теңге. 

Ұлттық қорға 9 айда 2,1 трлн теңге түсті

Жыл басынан бері Ұлттық қор 2,1 трлн теңгемен толыққан. Салықтың ең көп көлемі Атырау облысынан аударылған. Оның көлемі 921 млрд 4 млн теңге. Екінші орында Батыс Қазақстан облысы. Ол жақтан қазынаға 500 млрд 3 млн теңге түскен. Үштікті Маңғыстау облысы түйіндейді. Мұнайлы өлке қорға 398 млрд млн теңге аударған.

Нұр-Сұлтаннан 449 млрд 5 млн теңге жиналса, Алматыдан 9 млрд 5 млн теңге түскен.

Шымкент қаласынан 9 айда ұлттық қорға небәрі 349 мың теңге аударылған. Бұл өзге өңірлермен салыстырғанда ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу