Ұлттық қорға түсетін ақша азайды

913

Әдетте, мұнай компанияларынан түсетін табыс салығы көп болатын. 

Ұлттық қорға түсетін ақша азайды

Ұлттық қорға салықтар мен төлемдер есебіндегі түсімі азайды, деп хабарлады Atameken Business. 

Әзірге бірінші жартыжылдықта 1 трл теңгеден сәл астам ақша аударылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,3%-ға аз.

Әдетте, мұнай компанияларынан түсетін табыс салығы көп болатын. Олар алты айда 372 млрд теңге төлеген. Үстеме пайда үшін түсім жарты жылда 96,1 млрд теңгеге, ал мұнай секторы ұйымдарының бонустары 1,4 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ, аталған компаниялар пайдалы қазбаларды өндіргені үшін Ұлттық қорға 164,8 млрд теңге, экспорттық шикі мұнай үшін 119 млрд теңге ренталық салық төледі. Ал жер қойнауын пайдаланушылардан 25 млрд теңге және әр түрлі айыппұлдандар 2,7 млрд теңге түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу