Ұлттық қорға түсуге тиіс қаражат басқа мақсатқа аударылып кетіп жатыр

877

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мұны тоқтату керектігін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық қорға түсуге тиіс қаражат басқа мақсатқа аударылып кетіп жатыр

"Республикалық бюджеттің жоспарлы параметрлері орындалды. Түсім – жоспардың 100 пайыздан сәл асады. Оның 45 пайызы трансферттердің түсімінен, соның ішінде Ұлттық қор есебінен келді. Бұл ретте 2020 жылы Ұлттық қорға түскен түсімнің 96 пайызын жұмсап қойғанымызды атап өтейін", – деді Наталья Годунова

Мәжіліс отырысында 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы берген есебінде.

Оның айтуынша жағдай тұрақталса, енді Ұлттық қордың активтерін барынша толықтыру ісімен айналысу керек. Өкінішке қарай Ұлттық қорға түсуі тиіс қаражаттың басқа мақсатта жұмсалып кету жағдайлары кездеседі.

"Мұның себебі неде? Үкімет квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне жекешелендірудің түскен активті пайдаланып, сыртқы және ішкі қарыздарды жабу мүмкіндігін берді. Мұндай тәжірибені алып тастау керек. Жекелеген жағдайларда Бюджет кодексінің ережелері бұзылып, Ұлттық қорға түсуі тиіс салық – мұнай секторының компанияларынан келген қаражат республикалық бюджетке аударылған. 2020 жылдың өзінде ғана Қарашығанақ пен Солтүстік Каспий жобасынан 664 млрд теңге түспей қалған", - дейді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу