Ұлттық корпорация шетелдік қорға қаржы салуы мүмкін

1000

Қазақстандық корпорация жапониялық SoftBank Group Corp. компаниясының жобасына инвестиция құятынын Bloomberg хабарлады.

 Ұлттық корпорация шетелдік қорға қаржы салуы мүмкін

"SoftBank Group Corp. компаниясы технологиялық стартаптарға инвестициялар салған 100 миллиард долларлық қорды табысы аяқтағаннан кейін, екінші венчурлық қаржы қорынан акция сатып алу үшін өз қызметкерлеріне 20 миллиард долларға дейін қаражат беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, екінші Vision Fund 108 миллиард доллар тартуды мақсат етеді, деп бұған дейін SoftBank мәлімдеген еді. Өз қызметкерлерінен бөлек, Apple Inc., Microsoft Corp., Foxconn Technology Group және "Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ қаржы құяды деп күтілуде. Сондай-ақ, ол Жапонияның қаржы институттарының қолдауына ие болды, оған қатысу үшін өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды",– дейді Wall Street Journal мәліметіне сүйеніп Bloomberg.

SoftBank Group Corp. – Интернетке кең жолақты қол жетімділік, дәстүрлі және ұялы телефония, маркетинг, қаржы және т.б. салаларда жұмыс жасайтын жапондық телекоммуникациялық медиа-корпорация. NTT docomo және au (KDDI)-дан кейінгі Жапониядағы үшінші ірі ұялы байланыс операторы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу