Ұлттық құрама шабуылшысы Израиль чемпионатындағы алғашқы голын соқты

395

Футболдан Израиль чемпионатының 22-ші туры аясында "Хапоэль Беэр-Шева" өз алаңында "Маккаби Петах-Тиквамен" тең ойнады. 

Ұлттық құрама шабуылшысы Израиль чемпионатындағы алғашқы голын соқты Фото: sports.uz

Екі гол да үзілістен кейін соғылды. Алдымен қонақтар 49-минутта Бен Саардың күшімен алға шықты. Кейін алаң иелері 78-минутта Артур Шушеначевтің арқасында есепті теңестірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық шабуылшы Имран Улад Омардың орнына 54-минутта алаңға шықты. Шушеначев үшін бұл израильдік клуб сапында соққан алғашқы голы.

Айта кетейік, Артурдың ойын барысында екінші гол соғуға тамаша мүмкіндігі болды. Дегенмен, уыстан шығарнып алды. Эпизодтардың бірінде қақпашымен бетпе-бет шыққан, Шушеначев соққыға тым ұзақ дайындалды. Нәтижесінде қорғаушы допты одан қағып әкетті. Қорытынды есеп 1:1. Осы ойыннан кейін "Хапоэль Беэр-Шева" 43 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға, ал "Маккаби Петах-Тиква" 26 ұпаймен жетінші орынға жайғасты.

Қазақстан ұлттық құрамасының және алматыцлық "Қайрат" футбол клубының шабуылшысы таяуда израильдік клубқа ауысқан болатын. Келісім-шарт сомасы 232 мың еуроны құрады және 2027 жылдың 30 маусымына дейін, яғни бірден 3,5 жылға жасалды. Өткен маусымда Шушеначев сары-қаралар сапында 29 матч өткізіп, тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Оның "Қайратпен" келісім-шарт мерзімі 2024 жылдың соңына дейін болатын. Форвард Қазақстан құрамасы сапында алты ойын өткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу