Ұлттық құрама Токио Олимпиадасына қиын әрі күрделі кезеңде дайындалды

949

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Ұлттық құрама Токио Олимпиадасына қиын әрі күрделі кезеңде дайындалды

"Пандемияның басынан бастап қауіпсіз жаттығу процесін басқаруды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу және ұлттық құрама командаға тиісінше жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін кешенді жоспар әзірлейтін жедел штаб құрылды. Штабқа спортшыларға Олимпиада алдындағы кезеңде жаттығуды үзбеу және оларды физиологиялық, психологиялық мүмкіндігінің шыңына шығару міндеті жүктелді", – деді Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы.

Бұдан кейін Андрей Крюков Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан  спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс білдірді. 

"Командаларды ұйымдастыру мен медициналық қолдауды қамтамасыз еткен спорт федерациялары мен кешенді-ғылыми топ өкілдерінің еңбегін де ерекше атап өткім келеді", – деді Андрей Крюков. 

Оның сөзінше, Халықаралық Олимпиада комитетінің бастамасымен енгізілген іріктеу ережесіне сәйкес Қазақстанның Олимпиада комитеті талап пен тәртіпті өзгертіп, Олимпиадаға қатысатын спорт түрлерінің тізімін кеңейтті.

"Қазақстан алғаш рет Олимпиадалық бағдарламаның жаңа түрлері – құзға шығу мен каратеден бақ сынайтын болды. Олимпиадаға құзға өрмелеуші –Ришат Хайбуллин және Асадилов, Ажиканов, Юлдашев, Жаңбырбай, Берульцева сынды 5 каратеші қатысады", – деді  Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу