Ұлттық құраманың Париж Олимпиадасында киетін формасына дизайнерлік конкурс жарияланды

314

Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды арнайы комиссия қарап шешім қабылдайды.    

Ұлттық құраманың Париж Олимпиадасында киетін формасына дизайнерлік конкурс жарияланды Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан Ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған ашық конкурс жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Киімдер салтанатты рәсімге және жаттығуға арналған жұптан тұрады. Жұмыс тобының құрамына Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлері кіреді. Бұл қатарда Елдос Сметов, Серік Сапиев, Азамат Дәулетбеков, Жәмилә Бақбергенова, Ольга Рыпакова, Әбиба Абужақынова, Анна Алябьева, Нұрбек Оралбай, Нұрсұлтан Тұрсыновты атап өтуге болады. Комиссия төрағасы – Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерлан Естек.

Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы ереже шарттарына сәйкес комиссия отырысында анықталады.

Конкурс кезеңдері:

  • I кезеңде комиссия конкурсқа қатысушылар өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды (2024 жылғы 28 ақпан 20:00-ден 10 наурыз сағат 18:30 дейін).
  • ІІ кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады (2024 жылғы 13-15 наурыз аралығы).

Конкурсқа қатысушыларға түсіндіру жұмысына және жалпы конкурс өткізуге ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті Спортты дамыту дирекциясының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Ержан Өмірзақұлы Асқаров жауапты. Барлық ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы ала аласыздар.

Конкурс ережесі мен комиссия құрама мына жерде.

ҰОК командасының киім формасына қатысты бірыңғай нұсқаулық мына жерде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу