Ұлттық құрылтай келесі жылы Атырауда өтеді

1109

Бұл жайында Ұлттық құрылтайдың "Әділетті Қазақстан – Адал азамат" атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық құрылтай келесі жылы Атырауда өтеді Фото: Ашық дерек көздерінен

"Осымен, Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын қорытындылайық. Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын. Елімізде лайым жақсылық көп болсын!", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу