Ол бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін жеке инвесторларды кеңінен тарту қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Халық қалаулысының сөзінше, мұндай бағдарламаларды қаржыландырудың кемінде 25 пайызы банктер мен даму институттары арқылы жеке капитал есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте мемлекет көрсетілетін қолдаудың нәтижелілігін бақылауда ұстауы қажет.
– Қолдау шараларының тиімділігі цифрлық платформалар арқылы қадағаланып, олардың экономикалық әсері жыл сайын талдануы керек. Бизнесті қолдау мемлекетке нақты қайтарым әкелуі тиіс, – деді депутат.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу