Ұлттық құрылтайда Президент айтқан тапсырмаларды орындау жөнінде кеңес өтті

287

Кеңес барысында Президенттің бастамалары мен тапсырмаларын орындау үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды.  

Ұлттық құрылтайда Президент айтқан тапсырмаларды орындау жөнінде кеңес өтті Фото: akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған Президент тапсырмалары мен бастамаларын орындау мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жиынға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Туризм және спорт, Ішкі істер, Сыртқы істер, Қорғаныс министрліктерінің,  Қазақстан халқы ассамблеясының, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшылары қатысты", - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға Парламентпен бірлесе отырып, есірткі өндіретін адамдарға жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты, сондай-ақ мемлекеттік наградалар, ономастика, археологиялық қызмет туралы заңнамаға және басқа да  заң жобаларына түзетулер енгізу жөнінде тапсырма берілді.

Сонымен қатар лудоманиямен күресу үшін кешенді бағдарлама әзірлеу тәсілдері қарастырылды.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға Президент ұсынған жалпыұлттық құндылықтарды арнайы кешенді жоспарға сәйкес ілгерілету үшін жүйелі жұмыс ұйымдастыру міндеті жүктелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу