Ұлттық Құрылтайдың келесі отырысы Көкшетауда өтеді

477

Биыл Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. 

Ұлттық Құрылтайдың келесі отырысы Көкшетауда өтеді Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын", - деді Мемлекет басшысы Атырауда өткен жиында.

Айта кету керек, осыған дейін Алтын Орданың тарихы туралы көп сериялы деректі фильм түсірілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу