Ұлттық құзырет орталығы құрылады

151

Орталығы Астана қаласында болады.

Ұлттық құзырет орталығы құрылады Фото: gov.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жұмысшы мамандықтар жылы іс-шаралар өткізу жылы ғана емес, кәсіптік техникалық білім беру саласына дем беретін мемлекеттік тапсырмалар мен стратегиялардың шешімі. Премьер-министр Ұлттық құзырет орталығын құру туралы ұсынысты қолдады. Дегенмен, өңірлерде аймақтық филиалы болады деп ойлаймын", – деді Ғани Бейсембаев "WorldSkills Kazakhstan 2024" республикалық чемпионаты жеңімпаздарын марапаттау сәтінде.

WorldSkills чемпионатына қатысты тағы бір жаңалығын жариялады.

"WorldSkills чемпионатынан бөлек, AsiaSkills, EuropeSkills чемпионаты бар, келер жұмысшы мамандықтары жылын TurksSkills халықаралық чемпионаты қорытындылайды. Штаб пәтері Қазақстанда болады. Соңғы үш жылда біз жақсы нәтиже көрсетіп келеміз, Парижде өткен EuropeSkills чемпионатында күміс, қола медаль ұтып алдық, әлемдік чемпионатта 6 медаль бұйырды, енді Данияда өтетін чемпионатта алтын, күміс, қола медаль алып келуге жазсын", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу