ІТ-компаниялардың қазақстандық қауымдастығы президенті, ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Исин ұлттық kz доменін qz-ге өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Ұлттық домен "к" әрпімен басталады. Оны жаңа әліпбиге сәйкес латынның басқа әрпі "q"-ге өзгерту керек. Бұл мәселені дер уақытында, әріп жоғалып кетпей тұрған кезде, мүмкіндік барда шешкен жөн. Ол үшін бұл бағытқа жауапты мемлекеттік органдардың атынан ICANN-ға сұраныс жіберу қажет. Яғни, ұлттық домен үшін аталған доменді дер уақытында алып қалу керек", - деді ол ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.
Өз кезегінде кеңес төрағасы Қуаныш Сұлтанов оны қолдап, алдағы уақытта өтетін қоғамдық кеңес отырыстарында тыңғылықты талқылауды ұсынды