Ұлттық лотерея операторы спортты дамытуға 421,7 млн теңге жұмсады

695

Бүгінге дейін 18,5 млрд теңгенің лотерея билеті сатылды.  

Ұлттық лотерея операторы спортты дамытуға 421,7 млн теңге жұмсады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотерея операторы қазынаға 2,7 млрд теңге салық аударғанын айтты. 

"Лотерея операторы осыған дейін бюджетке 2,7 млрд теңге салық төледі. Оның 421,7 млн теңгесі спортты дамытуға жұмсалды", – деді ол сенатта сөйлеген сөзінде. 

Министрдің мәлімдеуінше, компания бүгінге дейін 18,5 млрд теңгенің лотерея билетін сатқан. 

"Оператор жалпы қаржы айналымының 70% сыйақы қоры ретінде пайдаланады. Қалған 30% қосымша құн салығын (12%), агенттердің сыйақысын (6%) төлеуге, лотерея билеттерін шығару мен маркентинг шығындарын жабуға , әкімшілік шығыстарды (4,1%) өтеуге және спортты дамытуға (2,2%) жұмсалды", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Біле жүріңіз, ұлттық лотерея операторы 32 түрлі лоторея шығарады. Оның 10-ы - қағаз, 22-сі - электронды түрде ойнатылады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу