Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жаңа басшы тағайындалды

716

Арман Қайырберліұлы Қашқынбеков "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ президенті болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына жаңа басшы тағайындалды Фото: inform.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек орталықты 2013 жылдан басқарып келген Әділ Ибраевтың еңбегін атап өтіп, кәсіби қызметі үшін алғыс айтты.

Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки аталған орталық ұжымына жаңа басшыны таныстырып, маңызды қызметте табыс тіледі.

Арман Қашқынбеков 1977 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Е.Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сол жылы ол "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Вандербилт университетіне магистратураға түсті.

Арман Қайырберліұлы 1998 жылы АҚШ-тың Вандербилт университетінде еңбек жолын бастап, онда 2000 жылға дейін ғылыми қызметкер және медиа талдаушы болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2019 жылға дейін квазимемлекеттік, ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2019-2020 жылдары "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

2020-2021 жылдары БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты даму жөніндегі басшысы болды.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Халықаралық қар барысы қорының директоры қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу