Ұлттық мүддені қорғайтын заң қажет

1040

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін ұлттық мүддені қорғайтын заң шығару қажет.  

Ұлттық мүддені қорғайтын заң қажет

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін бағыттарды айқындап берді.

"Парламент пен үкіметке маңызды міндет жүктеліп отыр. Жарияланған реформаларды сапалы заңмен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Заң ең алдымен ұлттық мүддені қорғауға тиіс. Ұлттық мүдде дегеніміз – халық пен мемлекеттің мүддесі", – деді Мәулен Әшімбаев 

Сенат төрағасының пікірінше, мәжіліс пен үкіметпен бірлесу арқылы нәтижелі жұмысқа қол жеткізеді. 

"Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамды алаңдатқан мәселелер парламентте талқылануы тиіс. Парламент өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуы керек. Сондықтан елмен етене жұмыс істеу аса маңызды. Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек. Сенат жұмысына қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтардың өкілдерін, тиісті мамандарды тартуымыз керек. Мұндай қадам заң шығару жұмысының және қабылданып жатқан заңдардың тиімділігін арттырады", – деді Мәулен Әшімбаев.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу