Ұлттық мұражай директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Оның Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысы бары анықталған.

Ұлттық мұражай директорының бұрынғы орынбасары ұсталды Фото: Facebook

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлына (ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі) және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда.

"Жүргізіліп жатқан тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, "Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан "ҚР Ұлттық мұражайы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу