Францияда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова мен ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Айбек Сыдықов Лувр музейінің басшылығымен кездесті.
Тараптар кездесуде алдағы уақытта Парижде көрме ұйымдастыру, бірлесіп түрлі зерттеулер жүргізу және екіжақты ынтымақтастық орнату мәселелерін кеңінен талқылады.
Франциялық әріптестер Қазақстандағы ислам тарихына қатысты жәдігерлер мен соңғы уақытта жүргізіліп жатқан археологиялық қазбаларға зор қызығушылық танытты.
Кездесу соңында екі жақ музей ісіне қатысты алдағы уақытта бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.
Әлемдегі ең әйгілі және Еуропадағы тұңғыш Лувр музейінде 350 мыңнан астам жәдігер бар. Музейді аралауға 3 ай уақыт керек.