Сенат спикері Мәулен Әшімбаев осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ұлттық музейден алынғанын естіген жоқпын. Сіздерден біліп отырмын. Қазір ғана Сенат отырысында болдым. Енді мұндай шешім қабылданса, бұл Ұлттық музейдің басшылығының шешімі шығар деп ойлаймын. Сондықтан мұнда олар өздерінің ұстанымдарына сәйкес, (музей) ішіндегі экспонаттарды жаңартуға байланысты осындай шешім қабылдаған шығар. Бұл мәселеге байланысты сұрақтарыңызды Ұлттық музейге жолдасаңыздар дұрыс болады", - деді Сенат спикері тілшілердің сауалына берген жауабында.
Журналистер экс-президент ескерткіштерінің алынып тастауына қатысты Мәулен Әшімбаевтың жеке пікірін сұрады.
"Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы ескерткіштің алынуы бұл университеттің заңына байланысты өзгерістер енгізілуіне қатысты. Ескерткіш әскери музейге апарып қойылды", - деп түйіндеді ол.
Айта кету керек, Ұлттық музейде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні 2018 жылы орнатылған болатын.