Елордадағы Ұлттық музей ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:44-те Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан ҚР Ұлттық музейі ғимаратының астыңғы қабатындағы аккумулятор батареясының өртенгендігі туралы хабарлама түскен.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 13:05-те қызыл жалын ауыздықталып, 13:08-де толықтай өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шекендер жоқ, өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 18 маманы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды", - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.