Ұлттық нақыштағы құрылыс материалдары өндіріле бастады

1046

Ұлттық нақыштағы құрылыс материалдары өндіріле бастады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданында ұлттық нақышта құрылыс материалдары өндіріле бастады. Жергілікті кәсіпкер Мұратбек Төребеков 10 млн теңге несие алып, тұрмысқа қажеті тауарлар шығаруда. Бүгінде осы кәсіпорыннан шыққан плиталар, пластик есіктер мен терезелер, сондай-ақ жалюзилер кең сұранысқа ие. Кәсіпкер сонымен қатар темір ұстаханасын ашып, жаңа үлгідегі евро шарбақтар жасауда. Материалдар сапалы, әрі қолжетімді дейді тұтынушылар. Істің көзін таба білген кәсіпкер алдағы уақытта шаруасын одан әрі дамытпақ ниетте.

Мұратбек Төребеков, кәсіпкер: "Осы ауылда тұратын болған соң, күнкөріс қамы керек дегендей, табыс көзі керекдегендей, сонымен ойланып, осы ауылғакерек деген нәрсені ойластырдық. Бұлар енді біз ойлап тапқан жоқпыз. Қалада барнәрсе мұның бәрі. Жалпы қаладан алып келу қымбатқа түскендіктен біз осыныбастадық ауылдан".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу