Астанада 11-12 шілде күндері өтетін BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі аясында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеуге арналған "Дәстүр сәні: BaiQymyz-2026" байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Байқауға фестиваль қонақтары ұлттық нақышта әзірленген ерекше киім үлгілерімен қатыса алады.
Жеңімпазды анықтау кезінде киім үлгісінің ерекшелігі, ұлттық элементтердің үйлесімділігі және жалпы образдың мазмұны ескеріледі. Үздік ұлттық образды ұсынған қатысушыға жүлде ретінде жылқы табысталады.
Айта кетейік, фестивальге билеттерді Ticketon платформасы арқылы сатып алуға болады. Келушілер бір күнге немесе шараның екі күніне де арналған билеттерді таңдау мүмкіндігіне ие. Зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін фестиваль аумағына кіру тегін.